Есептік кезеңде газ конденсаты 9,719 млн тонна (былтырғыдан 2,1 пайыз аз), табиғи газ - 41,45 млрд текше метр (+5,9%), көмір - 84,441 млн тонна (+5,7 пайыз) болған. Сондай-ақ, темір рудалары - 37,727 млн тонна (+9,5%), жез рудалары - 76,422 млн тонна (+4,6%), құрамында алтыны бар рудалар 15,472 млн тонна (+6,8 пайыз), хром қоспасы - 3,681 млн тонна (+6,5%) көлемінде өндірілді.
15:28, 14 Қазан 2018
Елімізде тоғыз айда мұнай өндірісі 6,6 пайызға артқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнай өндірісі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 57,629 млн тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.