Елімізде төлқұжаттарды онлайн режімде рәсімдеуге болады

ТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елімізде төлқұжаттарды енді онлайн режімде рәсімдеге болады. Бұл жайында өзінің твиттерінде Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

«Жеке куәлік пен төлқұжаттарды онлайн-ресімдеуді енгізу және оларды қағаздық форматта ұсыну мерзімін қысқарту қажет деп шештік»,-деп жазады министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұндай шешім бүгін Байланыс және ақпарат министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен кеңесі барысында жасалды.