24 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде және Ақтау қаласында көктайғақ күтіледі.
24, 25, 26 желтоқсан күндері Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
24, 25, 26 желтоқсан күндері Орал қаласында оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 17 м/с дейін күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
24-26 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, жолда көктайғақ сақталады.
Түнде 25-26 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қатты аяз 35-40, кей жерлерде 30 градус күтіледі.
Петропавл қаласында 25 желтоқсанда түнде 37-39 градус аяз, 26 желтоқсанда түнде минус 33-35 градусқа дейін күрт суытуы ықтимал.
12:37, 24 Желтоқсан 2018
Елімізде төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде бірқатар өңірде ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.