«Бірден айтайын, азаматтарымыздың басым бөлігі төтенше жағдай режимі талаптарына түсіністікпен қарайды. Дегенмен, барлығы бірдей олай ойламайды. Негізінен заңбұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 476-бабы бойынша орын алуда. Жауапкершілік шарасы - 10 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 15 тәулікке қамау», - деді министр.
Оның айтуынша, өкінішке қарай, шектеулерге қарамастан барлық өңірде тойлар мен жиындар, салтанатты шаралар өтіп жатыр. Кафелер мен интернет-клубтар, балаларға арналған үйірмелер жұмыс істеп тұр.
«Осындай 313 дерек анықталды. 94 адам жауапқа тартылып, оның 64-і қамауға алынды», - деді Дәурен Абаев.