Елімізде тұңғыш рет әрсалалық кадрларды даярлау мен сертификаттау оқу-әдістемелік кластері ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда елімізде тұңғыш рет әрсалалық кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және сертификаттау оқу-әдістемелік кластері ашылды.

Бұл әрсалалық кластер Алматы қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асып отырған салалық кластерлер ішіндегі баспа және полиграфиялық өнеркәсіптегі кластер болып табылады. «Бүгінде осы салада мамандарды даярлау сапасы өзекті мәселеге айналды. Жұмыс берушілер олардың біліктілігіне риза емес. Сондықтан салалық кәсіпорындарға біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін осындай кластер ашып отырмыз. Бұл жерде бірнеше заңды тұлға материалдық және ақпараттық ресурстарын біріктіреді. Олар салалық қауымдастықтар, солардың кәсіпорындары және бейінді оқу орындары. Бұл кластерді салалық бірлестік деуге болады. Ол кадрлар даярлауда өзара әркеттестіктің жоғары деңгейі болып табылады», - деді Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасы сараптама бөлімінің бастығы Вера Цзин. Алдағы уақытта жеңіл өнеркәсіп, туризм және жиһаз жасау өнеркәсібі бойынша да осындай кластерлерді ашу көзделуде.