«Чемпионатты «Ең тұқымды қошқар», «Ең бойшаң әрі ең салмақты қошқар» секілді бірнеше дәреже негізінде өткіземіз. Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласындағы ең білікті ғалымдар төрелік ететін болады. Қошқардың түр-сипатына байланысты баға беріледі. Елімізде ұсақ мал тұқымдарын араластырып, ірі қой-қошқарларды асырап отырған малшылар бар. Әу баста чемпионатты облыстық деңгейде өткіземіз деген едік. Алайда, чемпионаттың өткізілетінін естіген халық Қазақстанның түкпір-түкпірінен бізге қоңырау шалып, сайысқа Шопан ата түліктерін қатыстыратындарын айтты. Жүлде қоры - 300 мың теңге», - дейді чемпионатты ұйымдастырушы, «Қойлық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының үйлестірушісі Мақсат Кеңесов.
Чемпионат 26 қыркүйек күні Талдықорған қаласының «Ерасыл» этно-ауылында, сағат 14:00-де басталады. Бірегей сайыстың өткізілуіне Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП және Agro-holding «Qazyna» қолдау көрсетіп отыр.