«2012 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 14939 құрап, өткен аймен салыстырғанда 7 пайызға өсті. Ал қаңтар-маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 2011 жылдың сәйкес кзеңімен салыстырғанда 12 пайызға артты», - деді ол.
Агенттік ұсынған ақпаратқа сәйкес, жылжымайтын мүлік нарығындағы көшбасшылыққа Алматы қаласы иеленіп отыр. Бұл қалада 1915 тұрғын үй сауда-саттығының мәмілесі жасалған. Одан кейінгі орындарға Шығыс Қазақстан облысы (1761) мен Қарағанды облысы (1715) жайғасқан. Ал елордада 1025 тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі жасалды.