Елімізде тұрмыстық қатты қалдықтар бойынша қандай проблемалар бар

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында әр қалада мен ірі аудан орталығында қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі инфрақұрылым болуы керектігі айтылды. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің атына депутаттық сауал жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылғы мамырда Қарағанды облысының халқымен болғанкездесулерде елімізде тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға және кәдегежаратуға байланысты қалыптасқан жағдай туралы мәселе көтерілді. Алынғанақпаратқа жүргізілген талдау тұрмыстық қалдықтарды басқару проблемасыҚазақстанда өте өзекті екенін және Үкіметтің жедел түрде араласуын талапететінін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда 3520 үйінді мен ТҚҚ полигоныпайдаланылады. Олардың көбі экологиялық және санитарлық талаптар мен нормаларғасәйкес келмейді. Оның үстіне, жұмыс істеп тұрған полигондардың басым бөлігітолып кеткен», - деді депутат Арман Қожахметов.

Оның сөзіне қарағанда, жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың жиынтықкөлемі 100 миллион тоннадан асып түсті. Жыл сайын осы ТҚҚ көлемі 5-6 миллионғаөсіп отырады. 2025 жылға қарай қалдықтарды қоймалаудың жылдық мөлшері 8 миллионтоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Бұл ретте қоқыс полигондарға алдын алазарарсыздандырусыз шығарылады.


«Энергетика министрлігінің деректері бойынша, қазіргі таңда еліміздеқалдықтарды сұрыптайтын және қайта өңдейтін 130 кәсіпорын бар. Олар 20-ға жуықөнім түрін шығарады. Сұрыптау кешендері 18 елді мекенде орналасқан. Алайда,аталған кәсіпорындардың тізімін қарайтын болсақ, осы кәсіпорындардың бәрідерлік облыс орталықтары мен ірі қалаларда орналасқанын көруге болады. Әдетте,бұл дара кәсіпкерлер немесе қуаты кішігірім шағын кәсіпорындар, олар ағымдағыжинақталған көлемдерді де игере алмайды. Өзге қалалар мен ауылдық аумақтарқоқысты қайта өңдеу жөніндегі сервиспен қамтылмаған», - деді А. Қожахметов.

Депутаттың атап өтуінше, үлкен аумаққа ие бола отырып, Қазақстанның әрқалада және ірі аудан орталығында қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегіинфрақұрылымы болуы тиіс.



Осы орайда ол жұмыс істеп тұрған ТҚҚ және өнеркәсіптік қалдықтарполигондарын түгендеуге, олардың заңнаманың санитарлық, экологиялық нормаларынасәйкесті гін тексеруді ұсынды.

Оның айтуынша, жұмыс істеп тұрған полигондарды санитарлық және экологиялықталаптарға сәйкес келтіру жөніндегі қажетті жұмыстарды, сондай-ақ қалдықтардысұрыптауға, қайта өңдеу мен көмуге арналған қажетті жабдықтарды сатып алудықаржыландыру көздерін айқындауға бағытталған шараларды өткізу керек.

Бұл тұрғыда А Қожахметов тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жәнекәдеге жарату саласына жеке инвестициялардың тартылуын ынталандыруды арттыруқажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар