ҚР Денасулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде вакцина алған балалардың саны 20 мыңнан асқан. Ресми ақпаратқа сүйенсек, Pfizer екпесін ақысыз негізде 27 554 адам алған. Соның 20 381-і жасы 12-ден асқа жөсөспірімдер. Одан бөлек 2 499 жүкті әйел коронавирусқа қрасы вакцина қабылдаған. Сондай-ақ бала емізіп жүрген 4 674 ана Pfizer вакцинасын салғызған.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда халықты ревакциналау басталды . Науқан екі кезеңнен тұрады. Осыған дейін вакцинаның екі дозасын да салдырғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды. Бұл – медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ күш құрылымдарының қызметкерлері.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева Pfizer вакцинасы қатерлі ісікке де, диабетке де, аутизмге де әкелмейтінін айтады .
Еске салсақ, өткен аптада ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин Pfizer вакцинасын ақылы нарық сегментіне шығару туралы ұсынысты мақұлдады .