Күн тәртібінде министрліктер арасындағы әрі қарайғы өзара іс-қимыл мәселелері қаралып, отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамытудың стратегиялық бағыттары талқыланды.
Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник С. Жасұзақов Қорғаныс министрлігі отандық қорғаныс кәсіпорындарының өнімдері мен қызметтеріне негізгі тапсырыс беруші болып табылатынын, және әскери өнімді жеткізіп берудің сапасы мен уақытына армияның жауынгерлік қабілеттілігі мен жалпы мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі тікелей байланысты екенін атап өтті.
ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, кеңес барысында заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың жоғары технологиялық өндірісін әрі қарай ретке келтіру мақсатында қару-жарақтың негізгі түрлеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар егжей-тегжейлі пысықталды.