Шара барысында қабылданатын заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарларына бағалау жасалады, сондай-ақ, заң жобаларына ғылыми-экономикалық сараптауды енгізу мәселелері талқыланады.Қазақстанда заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық, жемқорлыққа қарсы, криминологиялық сараптамалар, халықаралық шарттарға сәйкестілігіне сараптама жүргізіледі. Заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптаманы енгізу шешім қабылдаған кезде әзірленген заң жобаларының мақсаттылығын, тиімділігін, әрекеттілігін тексеруде жүйелік әдісті қамтамасыз етеді.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, саяси партиялардың өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың, ғылыми мекемелердің бірлестіктері, БАҚ, сонымен қатар Қазақстанның жетекші сарапшылары мен ғалымдары қатысады.
12:09, 11 Қараша 2010
Елімізде заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарларын сараптауды енгізу мәселесі талқыланады
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - 2010 жылдың 12 қарашасында «Rixos President Astana» қонақ үйінде («Жерұйық» залы) «Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау және ғылыми экономикалық сараптау» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізіледі, деп хабарлады ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.