«Коронавирус инфекциясын қоспағанда, жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай жалпы Қазақстан Республикасында тұрақты болып қалуда. 64 инфекциялық ауру бойынша мониторинг жүргізілуде, 2020 жылдың қорытындысына сәйкес 42 инфекция бойынша ауру деңгейі төмендеді», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Оның айтуынша, биыл Қазақстан тұрғындары ішінде оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтырма, туляремия, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, дифтерия, сіреспе, қызамық, қызылша, сібір жарасы және безгек ауруымен ауыратындар тіркелген жоқ.
«Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45 инфекциялық аурумен ауырғандар көрсеткішінің төмендеуі байқалды», - дейді ол.