Елімізде жаңа кәсіби мереке пайда болды
03:22, 13 Қараша 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысына сәйкес жаңа кәсіби мереке пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап.
Тиісті Қаулы мәтініне сәйкес, қазақстандықтар биылдан бастап жаңа мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күнін 20 желтоқсанда атап өтетін болады.