«Бүгінде елімізде 22 456 ғылыми кадр бар. Зерттеушілердің 37 пайызында (2022 жылы – 35%) ғылыми және академиялық дәрежесі бар. Сондай-ақ зерттеушілердің 34 пайызын – 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар, 43 пайызын – 35-54 жастағылар, 23 пайызын 55 жастан асқан ғалымдар құрап отыр. Алайда ғылыми зерттеу институттарында басшы кадрлардың қартаюы байқалып отыр», - деді С. Нұрбек.
Оның айтуынша, елімізде 414 ұйым ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырып жатыр. Мемлекеттік секторға бағынатын ұйымдардың саны 26 пайыз ғана. 43 пайызы кәсіпкерлік жемеменшік ұйымдарға тиесілі. Осы орайда бизнес біртіндеп ғылыми зерттеу жұмысына бетбұрыс жасады.