Елімізде жасөспірімге қарсы жасалған қылмысқа санкция күшейтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жасөспірімге қарсы жасалған қылмысқа санкция күшейтілді.

Атап айтқанда, жаңа Қылмыстық кодексте сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипатта қылмыс жасағаны үшін сотталғандар балалармен жұмыс жасаумен байланысты қызметтермен айналысу құқығынан өмір бойы айырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енді. Онда ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға қатысты санкцияларды қатаңдату қарастырылған. Сонымен қатар кодексте жеңіл-желпі құқық бұзушылықтарға заңнаманы ізгілендіру де көзделіп отыр.