Елімізде жеңіл өнеркәсіптегі өнім көлемі өсті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 16,7 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тоқыма бұйымдарының нақты көлем индексі (НКИ) 120,5% – ті,киім – 108,4% - ті, былғары және оған қатысты өнімдер-97,2% - ті құрады. Мақтаталшығы, дайын тоқыма бұйымдары, сыртқы киім өндірісін ұлғайту есебінен тоқымабұйымдары мен киім өндірісінде өсу байқалады. Былғары және оған қатысты өнімдерөндірісінде аяқ киім өндірісі көлемінің төмендеуі есебінен құлдырау байқалады»,- делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінде.

Жалпы, қазақстандық өндірушілер бұрынғысынша қорғаныс саласындағытапсырыс пен арнайы киімдер нарығы аясында өнім өткізуге тырысады. Себебі оларөндірушілерге тауарларын кепілді сатуды қамтамасыз етеді.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту мәселелері бойыншаЕлбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру ауқымында 2019-2021жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді.

Тұтастай алғанда, жол картасымен жүйелік проблемалардышешуді қамтитын және өндіріс көлемінің өсуіне бағытталған 50-ден астаміс-шараны іске асыру көзделген. Сонымен қатар, аталған салаларда озықтехнологияларды қолдана отырып, жобаларды іске асыруға инвестициялар тартубойынша қадамдар жоспарланған. 2019 жылы жалпы инвестиция сомасы 5 млрд теңгеге 4 жаңа жобаны іске қосуқарастырылған.

Соңғы жаңалықтар