«Облыстардың ауыл шаруашылық басқармаларының мәліметтерібойынша, барлығы 17 млн.тонна астық жиналды. Ал олардың 8 млн.тоннасы экспортқа шығарылады», - деп атап өтті ол. Сонымен қатар, оның нақтылауынша, астықтың тазаланғандағы салмағы шамамен 15,5 млн.тоннанықұрайды. Ал астықтың сапасына келер болсақ, биыл жауын-шанының жеткілікті мөлшерде болуына байланысты, өнім өте сапалы болмақ. «Қалған егістікті жинау ауа райының бұзылуына байланысты тоқтап қалды. Ауа райы жақсарысымен, 10-15 күннің ішінде астық толығымен жиналып бітеді», - деді ол. АШМ мәліметтері бойынша, 27 қазандағы мәліметтерге сәйкес, жалпы егіс көлемінің 13125,2 мың гектар жері орылды, бұл 87,5 пайызды құрайды. Орташа өнімділік әр гектарға 12,3 центнерден келді.
12:51, 27 Қазан 2014
Елімізде жиналған астықтың таза салмағы 15,5 млн.тонна - АШМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жиналған астықтың таза салмағы 15,5 млн.тоннны құрады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Көрме орталығында өткен жыл сайынғы «KazAgro/KazFarm 2014» ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығына арналған көрмеде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров айтты.