деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ПАНиКа» ЖШС-нің директоры Александр Понигин 1998 жылы жеке олжалар бюросын ашқан кезде келешекте мемлекеттік маңызы бар бірыңғай база құрамыз деген ой болмағанын айтады. "Бізге бірнеше рет қаржы полициясы мен басқа да органдардың қызметкерлері сұрау салып хабарласып жатты. Бүгінгі күні біздің базада 500 мыңға жуық жоғалғандардың немесе табылғандардың мәліметтері бар", дейді А.Понигин.
Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ және ақпараттық қызмет көрсету орнымен өзара әрекеттескен жаңа бағдарлама жасалған. "Енді құжаттарды жоғалтып, немесе тауып алып жатсаңыз - ешқайда барудың қажеті жоқ. Тек «Қазақтелекомның» анықтама бөлімдерінің біріне қоңырау шалып, құжатты жоғалтқан немесе тапқандығыңыз жайлы мәлімет беріп телефон нөміріңізді берсеңіз болғаны. Одан кейін бұл мағлұматтар біріңғай базаға тіркеледі", дейді «ПАНиКа» ЖШС-нің директоры.
Күн сайын Алматыда екі мыңға жуық адам құжатын жоғалтады екен. Ал еліміз бойынша бұл көрсеткіш 10 мыңға жетсе, бір жылда 3 миллионнан астам халықтың құжаты бөгде адамдардың қолынан табылады.