Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде жұмыс орындарын құрудың жоспарлы көрсеткіштерінің іс жүзінде орындалғанын айтуға болады. «Жол картасы» аясында жоспарланған 256 мың жұмыс орнының іс жүзінде 254 мыңы құрылды немесе бұл жоспардың 99 пайызын құрайды. Құрылған жұмыс орындарына 224 мың адам еңбекке орналастырылды. Бұл жоспардағының 88 пайызы», деді кеңесте министр Г. Әбдіхалықова.
Осы орайда, министр «Жол картасы» аясында дағдарысқа қарсы бағыттың сақталғанын атап өтті. Оның айтуынша, жұмысқа орналастырылғандардың 73 пайыздан астамы еңбекпен қамту органдары арқылы келгендер.