Елімізде «Жол картасы» аясында 238 мыңнан астам жұмыс орны құрылды - Г. Әбдіхалықова

ң 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде «Жол картасы» аясында 238 мыңнан астам жұмыс орны құрылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әкімдіктердің мәліметіне сәйкес, шілденің 13-індегі жағдай бойынша 238,7 мың жұмыс орны құрылды. Бұл жоспардың 94 пайызы. Құрылған жұмыс орындарына 177,2 мың адам немесе жұмыссыздардың 74,3 пайызы орналастырылды», деді бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова.

 Оның айтуынша, құрылған жұмыс орындарына бүгінгі таңда 61,5 мың адам жетіспейді. Мұндай жағдай ең алдымен Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан басқа өңірлердегі жұмыс күшінің тапшылығымен байланысты. Яғни басқа өңірлердегі құрылған жұмыс орындары жоспарланған жұмыс күшімен толық қамтамасыз етілмеген. «Мұның бірқатар объективті себептері бар. Олардың ішіндегі ең негізгісі еңбек нарығындағы жағдайдың біркелкі тұрақтылығымен байланысты. Екінші жағынан тіркелген жұмыссыздардың 57,8 пайызын немесе 53,6 мыңын әйел азаматтар құрайды. Алайда жөндеу жұмыстарына негізінен ер адамдар қажет. Ауыр жұмыстарға әйелдер бармай жатыр. Сонымен қатар, жұмыссыздар құрылымындағылардың 60,4 пайызының немесе 56 мың адамның кәсіби білімі жоқ. Сондықтан оларды «Жол картасы» бойынша жұмыстарға бағыттау қиын болып тұр», деді министр.