деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана қаласындағы бір жобаны, Маңғыстау облысындағы бір жобаны қоспағанда, «Жол картасы» аясында барлық өңірлерде конкурстар аяқталды. Өткізілген конкурстардың нәтижесінде 3,2 млрд. теңге үнемделді. Тиісті комиссияға осы ресурстарды қалай пайдалану қажеттігі туралы ұсынымдар енгізелетін болады», деді өз сөзінед Е. Орынбаев.
Оның айтуынша, «Жол картасы» аясында 4 мың 773 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобалар бойынша жоспарланған 254 мың жұмыс орнының 238 мыңы құрылды. Құрылған жұмыс орындарына 177 мың адам орналастырылды. Бұлардың ішінде 124 мың адам жұмыспен қамту органдарының бағыттауы бойынша еңбекпен қамтылып отыр. «Көріп отырғанымыздай, елімізде жұмыспен қамту органдары тіркеп, бағыттағаннан көп жұмыс орындары құрылды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұл бөлікте торыққан болжамдар ақталған жоқ», деді Вице-Премьер.
«Ағымдағы жылғы шілденің 13-індегі жағдай бойынша, уақытша жұмыс орындарына, яғни әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесіне мен атап өткен цифрларға қосымша 66 мыңдай адам орналастырылды. Бұлар оқу бітірушілер мен халықтың мақсатты топтары. Оқуға және қайта даярлауға 41 мың адам жіберілді», деп тұжырды сөзін ол.