деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметтеріне қарағанда, Жол картасын іске асыруға бағытталған қаржының 140 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 51 млрд. жергілікті бюджеттерден қарастырылған. Бұл ретте жастар саясаты бағдарламасы мен халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту мақсатында 254 мың жұмыс орнын және 96 мыңға жуық уақытша жұмыс орындарын ашу көзделген.
«Биылғы жылдың 5 айында жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірген 164 мың адамның 81 мыңы тұрақты және маусымдық жұмыстарға, ал 58 мыңы қоғамдық жұмыстарға тартылды», деді Премьер-Министр.