деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аталған заң жобасы бойынша біз алғаш рет мемлекеттің саяси ерік-жігерін анық әрі ашық қамтып отырмыз. Заң жобасында индустриялық саясатқа, қазақстандық қамту бағдарламаларын шетелдік компаниялар бойынша да жүзеге асыру жолдары көрініс тауып отыр. Ендеше, осы мәселеге қатысты шетелдік инвесторлардың мүдделілігі танылмаса, онда қазақстандық тарап та тиісті әрекетке баруы шарт, тіпті жер қойнауын пайдалануға қатысты басқа инвесторларды қарастыру жолдарын көздегені орынды. Сол үшін Қазақстан алдағы уақытта шикізаттық секторды терең өңдеуге қызығушылық танытып, нақты жобалар ұсынған компаниялармен жұмыс жасауға көшуі керек. Бұның өзі жер қойнауын пайдалану саласындағы компаниялар еліміздің дамуына қатысты жобаларды қоса жүргізбесе, біз жаңа әріптестірді іздейтін боламыз деген сөз. Оның үстіне, Мемлекет басшысы жақында Үкіметтің жұмыс қорытындысы барысында «жер қойнауын пайдаланушылармен ертеректе қабылданған келісімшарттардың ескірген тәртібі бойынша өмір сүре алмаймыз» деген болатын. Сондықтан да, елімізде жұмыс жасап жатқан бірқатар жер қойнауын пайдаланушы компанияларды қол сұғылмаушылық аймағынан шығару қажет», деді К. Сағадиев.
«Осылайша, еліміздегі барлық жер қойнауын пайдаланушы компаниялар қазақстандық салық заңнамасындағы өзгерістер бойынша жұмыс жасауы тиіс. Дәл осындай талапты біз бірнеше жыл бойы көтеріп келеміз», деді ол.