«Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,9 пайызы) құрады. 2014 жылғы III тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 71,2 пайызды, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 28,8 пайыз деңгейінде болды»,-делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінде. 2014 жылғы қазанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 456,5 мың адамды, яғни жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2014 жылғы қазан айының соңына 54,3 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6 пайызын қамтыды (2013 жылғы қазанда - 0,6%). 2014 жылғы 1 қазанда бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,3 пайызын құрады.
13:44, 12 Қараша 2014
Елімізде жұмыспен қамтылған азаматтар саны 68 мыңға артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика экономикасында 2014 жылғы қазанда бағалау бойынша 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 68,3 мың адамға немесе 0,8 пайызға көбейді.