Елімізде жүргізуші куәлігін алу жеңілдейді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсатберетін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамағаөзгерістер енген.

«Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналықкомиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-наркологдәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы,флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдердітапсыру қажет емес», - делінген таратылған хабарламада.

Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайдааурулардың бар/жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттықжүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегіақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасынегізінде тексере алады.

Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналықанықтама үш жағдайда талап етіледі:

Жүргізуші куәлігінбірінші рет рәсімдеу барысында;

Жүргізушікуәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;

Жүргізушікуәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.

Жыл басынан бері 337 мың қазақстандық жүргізуші куәлігіналды.

Соңғы жаңалықтар