«Балаларға қатысты әділ сот жүйесін және балалар құқығын қорғауды дамыту мақсатында ҚазақстанҮкіметі Еуропа Одағымен және ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлесіп, үш жылдық бағдарламаға қол қойды. Бүгінде 20 мыңнан астам бала13 мыңдай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда тұрып жатыр. Жыл сайын 1 мыңға жуық әке мен шеше ата-ана болу құқығынан айырылады», - деп атап өтті ол Қазақстанның Балалар құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясын ратификациялауына 20 жыл толуына орай өткізілген конференцияда.
Г. Әбдіқалықованың айтуынша, аталған мәселелерді шешу үшін мемлекет пен қоғам бірлесе отырып, жүйелі шаралар қабылдау қажет.
«Қазіргі кезде Үкімет 2015-2020 жылдарға арналған Отбасылық, рухани-этикалық және адамгершілік құндылықтарды нығайтуға арналған шаралардың Жалпыұлттық жоспарын әзірлеуде. Жоспарда балалар құқығы мен қызығушылықтарын қорғауға, ананы қорғауға, бизнестік әлеуметтік жауапкершілігін көтеруге, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға, сондай-ақ, өмірдің қиын өткелдеріне тап қолған адамдарды демеуге арналған шаралар бар», - деп атап өтті ҚР вице-премьері.