Оның айтуынша, Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісік ауруымен ауырған 30 мыңға жуық жаңа науқас анықталса, 130 мыңнан астам науқас есепте тұр. Олардың 60 пайыздан астамы химиятерапия жүргізуді қажет етеді. Бүгінгі күні жер бетінде анықталып отырған 10 млн қатерлі ісік ауруының 10-12 пайызы сүт бездерінің еншісінде. Елімізде бұл ауру өткен ғасырдың 90-ыншы жылдарынан бастап әйелдер арасындағы онкологиялық науқастылық құрылымының алдында. Қазіргі таңда ҚР Денсаулық министрлігінің атқаруымен еліміздің облыстары мен аудандарында 100-ге жуық жаңа маммографтар сатып алынып, цитология, маммаграфия бойынша мамандар оқытылған. "Қазір онкологиялық дертті ерте анықтау бағадарламалары жүргізілуде. Келесі жылдан бастап 15 миллионнан астам халықтың 3 млн-ға жуығы ерте анықтау бағдарламасына қатысады деп отырмыз. Қатерлі дерттен сауыққан адамдардың саны көбейген сайын бұл ауруға деген үрей сейіледі" , - дейді ол.
Деректерге сүйенсек, соңғы 5 жылда еліміздегі онкологиялық аурудан көз жұмғандар саны 114,4-тен 107 пайызға дейін төмендеген. Бұл дер кезінде қойылған диогназ бен енгізілген скринкгтік бағдарламалар, мамандарды оқытудың және емдеудің заманауи тиімді схемасының енгізілу нәтижесі. Маммографиялық скринг бағдарламасының енгізілу нәтижесінде сүт бездерінің қатерлі ісікке шалдығуын бастапқы кезеңде анықтау 70 пайызға дейін көтерілген. Сонымен қатар соңғы 2,5 жыл ішінде еліміздегі 1 млн-ға жуық әйел маммографиялық зерттеуден өтіп, қатерлі ісікке шалдыққан 1500 адам аурудың алғашқы кезеңінде анықталған.
14 қарашаға дейін өтетін конференция барысында Англиядан келген мықты маман Рекардо Аудизи шебер-сынып өткізеді. Оған қатысуға еліміздің 18 мекемесінен мамандар шақырылды.
айта кетейік, аталмыш шара Қазақтың онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының 50 жылдық мерейтойына арналған