деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жоғарғы соттың ресми өкілі Нұрлыбек Сәрсеновтың айтуынша, кәмелекттік жасқа толмағандардың құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау, еліміздің әлеуметтік саясатындағы басты бағыттардың бірі. Бұл бағытта жүргізілген талдау жұмыстары балалар мен жасөспірімдер қылмысы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау төңірегінде қосымша шараларды қолдану керектігін көрсетіп отыр. «Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері бойынша, жыл сайын әртүрлі дәрежеде қылмыс жасаған 6 мың 500-ге жуық кәмелетке толмағандар анықталуда. Оның жартысына жуығы қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Республика бойынша сотталғандардың жалпы санының 7 пайызы кәмелеттік жасқа толмағандар. Бұл әрине елемеуге болатын көрсеткіш емес» деді ресми өкіл.
Оның мәліметтеріне қарағанда, еліміздегі кәмелеттік жасқа толмағандардың үштен біріне бас бостандығына айыру жазасы қолданылады. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты заңнамаларды ізгілендіру саясаты сәтімен жалғасып келеді. «Оның дәлелі ретінде мынадай деректерді мысалға келтіруге болады. Кәмелеттік жасқа толмағандардың бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендері 2005 жылы 32,4 пайызды құраса, 2007 жылы 26,6 пайыз, ал 2008 жылы 24,7 пайызды құрады» деді Н.Сәрсенов.