«Бүгінгі күні елімізде электр энергиясын өндіру 64,4 миллиард кВт/сағатты құрайды. Бұл былтырғы деңгейге қарағанда 101,1 пайызға тең. Мұндағы тұтыну 62,7 миллиард кВт/сағатты құрап, былтырғы көрсеткіштен 0,7 пайызға жоғары. Осының өзі тұтыну көрсеткішінің жыл сайын өсіп отырғанын көрсетеді, яғни бұл басты экономикалық көрсеткіштердің барлық саласында ілгерілеушілік бар дегенді білдіреді», - деді вице-министр.
Сонымен қатар, Б. Жақсалиев күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық барысына тоқтала келе, ағымдағы жылғы жоспар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылғанын атап өтті.
«Мәселен, бүгінгі күні 9 энергоблок, 167 қазандық пен 47 турбиналар жөндеуден өтті. Жалпылама алғанда, жұмыстың барлығы бекітілген кесте бойынша жүргізіліп келеді. Азғантай ауытқушылықтар да бар, дегенмен олар қысқы кезеңде энергокешендердің жұмысына еш әсер етпейді», - дейді Б. Жақсалиев. Сонымен қатар, вице-министр қысқы маусымда елімізде жүктеменің жоғары деңгейде болуы күтілетінін атап өтті. Мәселен, оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы бұл 13,500 МВт құрайтын болады. Бұл көрсеткіш былтыр 13,290 МВт құраған еді.