Елімізде жылқы, қой мен мүйізді ірі қараның саны өскен
23:46, 17 Қыркүйек 2023
Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларының саны өсіп келеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нақтырақ айтқанда, биылғы 1 тамызда мүйізді ірі қара саны 2,7%-ға артып, 9,68 млн басты құраған. Ал жылқы малы 7,7%-ға өсіп, 4,2 млн болған. Сондай-ақ қойдың саны 3,6%-ға өсі, 23 млн басқа дейін жетті.
Құс басы керісінше 0,3%-ға 49,6 млн басқа дейін азайған, ешкі 3,9%-ға 2,6 млн басқа дейін, шошқа саны 2,7%-ға 818,3 мың басқа дейін кеміген.