Бұдан бөлек, жұртшылық ХҚКО қызметкерлерінің қызметті ұсыну жұмыстарын арнайы мониторингтің көмегі арқылы бағалау мүмкіндігіне ие болды. Бұл өзге де әдістермен қатар нақты қызметкердің мемлекеттік қызметтерді ұсыну деңгейі мен сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
«Аумағы үлкен ХҚКО-да электрондық үкімет бұрыштары ұйымдастырылды. Аталған бұрыштарда кеңесшілер электрондық анықтамалар мен электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу тәртібін, салық және айыппұлдарды төлеу тәртібін үйретіп, ақпараттық кеңес береді. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің ақпаратына сәйкес, қалған ХҚКО-ры осы жылдың аяғына дейін жаңғыртудан өтеді», - делінген баспасөз айғағында.
Естеріңізге сала кетейік, республикамыздағы ХҚКО жаңғырту шарасы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынды. Алғаш рет 2011 жылы мамыр айында Астана қаласы Алматы аудандық ХҚКО-да халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту жобасы пилоттық тәртіпте іске асырылды. 2011 жылдың аяғына дейін Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарында 28 халыққа қызмет көрсету орталығы жаңартылған.