Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,3 пайызға артық. Ал еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытында 9 айда өңдеу көлемі 8,2 миллион тоннаға жетті. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аудиттелмеген алдын-ала мәліметтер бойынша, 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы компанияның шоғырландырылған табысы 2,03 триллион теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 22 пайызға артық болып отыр. Сондай-ақ есепті мерзімдегі шоғырландырылған табыс 306,6 миллиард теңге болды. Бұл 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10 пайызға көп. Жалпы алдын-ала мәліметтер бойынша, «ҚазМұнайГаз» компаниясының 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында үлестік әдіс бойынша шоғырландыру қағидаттары негізінде мемлекет бюджетіне 387, 1 миллион теңге салық және басқа да міндетті төлемдер төледі. Мұның өзі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23 пайызға көп болып отыр.