Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары қоғамның денсаулыққа, спортқа деген назары белгілі бір нәтижелер берген. Мәселен, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, қазақстандықтар арасында үш жылда темекі, алкоголь пайдалану көрсеткіші біршама төмендеген. Семіздік көрсеткіші де аздап төмендеп отыр. «Қазақстандықтардың 26,3 пайызы спортпен, дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысады. Алайда, бірқатар облыстар нысаналы индикаторға қол жеткізе алмай отыр. Бұдан бөлек, мектеп оқушылары арасында бұл көрсеткіш төмендеген. Балаларымыз дені сау болуы керек. Алайда, осы бағыттағы жұмыс көңілге кірбің салады», деді Г. Ықсанова.
Оның сөзіне қарағанда, спортқа жіті көңіл бөлмеу салдарынан Қазақстандағы мектеп жасындағы балалардың 75 пайызы гиподинамеядан жапа шегеді.
«Дәрігер мамандар балалар арасында тірек-қимыл аппаратының бұзылу аурулары жиілегенін айтады. Соңғы екі жылда сколеозбен ауыратындар саны екі еседен асқан. Ал әрбір бесінші мектеп оқушысының бойында бір ауру бар болып отыр. Міне, соның нәтижесінде әскерге шақырылғандардың тек үштен бірі ғана жарамды болып шыққан. Олардың әрбір үшіншісі әскерге жарамсыз деген сөз», деді Г. Ықсанова.