Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.
«Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы облыс әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес, еліміздегі астық көлемі 13,9 млн. тоннаны құрайды. Бұл өтпелі астықты есепке алғанда, елдің ішкі сұранысының көлемін толық қамтамасыз етумен қатар 7-8 млн. тонна көлеміндегі экспорттық әлеуетті сақтауға мүмкіндік береді», - деді Жауапты хатшы.
Оның атап өтуінше, астық нарығындағы жағдайды әрі ұн, нан-макарон өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-мен азықтық астықтың қажетті қоры құрылды. Сонымен қатар Үкіметтің қолдауымен 970 мың тонна көлемінде астық сатып алу жүзеге асырылуда. Қазіріг уақытта аталған көлемнің 732 мың тоннасына немесе 76 пайызына өтінім түскен.