«Көлеңкелі экономика көрсеткішінің әдістемесі ОЭСР әдістемесі бойынша тұтас экономика және экономикалық қызмет бойынша есепке алынады. Ал оларды жалпылама «бақыланбайтын экономика» деп атаймыз. Бұларға «көлеңкелі экономика», «бейресми экономика» және «заңсыз экономика» жатады. Сонымен қатар, елімізде осы жалпы «бақыланбайтын экономиканың» үлесі жалпы ішкі өнімде 19,5 пайызды құрайды», - дейді агенттік төрағасы.
Оның айтуынша, «бақыланбайтын экономика» ішінде есептілікті ұсынбау және есептілікті төмендету «көлеңкелі экономикаға» кіреді. Олардың үлестері тиісінше 3,2 және 6,6 пайызды құрайды. Ал «бейресми экономикаға» үй шаруашылықтары мен тіркелмеген жеке кәсіпкерлер жұмысы кіреді. Олардың көлемі 9,7 пайызды құрайды.
«Бақыланбайтын экономиканың есептерін одан әрі жетілдіру үшін заңсыз экономиканы да алдағы уақытта есепке алатын боламыз», - дейді Ә. Смайылов.