Еліміздегі бейбіт өмір, төзімділік, тұрақтылық - Қазақстан өркендеуінің кепілі - Жолдауға үнқату

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Мемлекетіміздің қандай экономикасы болмасын, тек біздің көпұлтты еліміздегі бейбіт өмір, төзімділік, тұрақтылық және бірін-бірі түсінісу қабілетіне ие бола білу - Қазақстанның өркендеуіне кепіл бола алады».

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының халыққа Жолдауын талқылау кезінде Корей музыкалық комедия театрының директоры Людмила Ни осылай атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолдаудың өн бойындағы негізгі идея, міне осындай. Жолдауды тыңдағаннан кейін біздің қазақстандықтардың қоғамдық сана-сезімін тәрбиелеу және қалыптастыру қажет деген қортындыға келдім. Осы тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясы алдында өте үлкен міндеттер тұр», дейді Л. Ни.

Оның айтуынша, алдағы күндері дәл осы тақырыпқа арналған, яғни Қазақстан халқының қоғамдық сана-сезімін қалыптастыруға, бейбітшілікке және татулыққа тәрбиелеуге қатысты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады. Шара, әсіресе еліміздің тарихшылары, саясаттанушылары мен ғалымдары үшін қызықты болмақ.