Сондай-ақ банктер тарапынан жалпы құны 82 миллион теңгеден асатын қаржының кәсіпкерлікке қатысы жоқ мүлдем мақсаттарға бөлінген. Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, қазіргі таңда аталған сома банктерден алынып, басқа жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуда. Ал шағын және орта бизнесті қолдауға арналған қаржыны игеру талаптарын бұзған банктерге несие сомасының 15 пайызы көлемінде айыппұл салынған. «Сондай-ақ банктер тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың қатарына жатпайтын адамдарға 9 пайыздық ставкадағы төмендетілген ипотекалық несиені 11 пайыздық ставкамен беру жөнінде 8 келісім жасалған. Прокурорлар осындай жолмен мемлекетке келтірілуі мүмкін 17 миллион теңге залалдың алдын алды», деді ресми өкілі.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш заңбұзушылықтарға «Темірбанк», «Банкцентркредит», «АТФ Банк», «Каспий Банкі» акционерлік қоғамдары тарапынан жол берілген.