Еліміздегі бөлшек сауда көлемі 20,8% өсті
14:10, 14 Ақпан 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл қаңтарда Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 1 059,1 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға артық. Ал саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 32,6%-ға өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
Бюро дерегінше, азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы жалпы үлесі - 27,6%, ал өзге де тауар түрлері бойынша - 72,4%.
Мына тауар түрлерін сату бойынша ең көп өсім тіркелді:
- фармацевтикалық тауарлар;
- мотор отыны;
- автомобиль, автомобиль бөлшектері;
- нан-тоқаш, ұннан жасалған және кондитерлік өнімдер;
- тоқыма және шұлық бұйымдары, киім;
- компьютерлер;
- косметикалық тауарлар мен жеке гигиена құралдары.
Қоса кетейік, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы биыл жалдамалы пәтер құны 2,5%-ға төмендегенін мәлімдеп еді.