ҰКП зерттеу нәтижесіне сәйкес облыста кеден қызметтерінде параның орташа көлемі - 40-160 мың теңге, ал экономикалық тергеу қызметтерінде - 195 мың теңгеге дейін. Салық органдарында пара 14-97 мың теңге, ал көлік бақылау қызметінде - 28-115 мың теңге көлемінде түрленеді. Тұтастай бұл Қазақстан бойынша параның орташа деңгейінен 2-3 есеге төмен.
Бизнесмендерді сыбайлас жемқорлық схемаға жүгінуіне итермелейтін негізгі факторлар - мемлекеттік органдар тарапынан түрлі талаптар санының көптігі, төрешілдік, лицензиялар бағасының жоғарылығы, өтініштерді қарау мерзімдерінің ұзақтығы, жиі тексерістер мен кәсіпкерлердің заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен бас тартуы.