Комитет таратқан мәліметтерге қарағанда, 2014 жылдың зерттеу нәтижелері көрсеткендей экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақы төлеуде жұмысшылардың кәсіптері арасында саралау сақталады. Сонымен қатар, басшылар санатына жататын қызметкерлердің орташа жалақысы біліктілік деңгейі жоғарғы мамандардың жалақысынан 1,9 есе, біліктілік деңгейі орта мамандардың жалақысынан 2,3 есе және біліктілігі жоқ жұмысшылар жалақысынан 4,1 есеге көп болған.
«Ең жоғарғы жалақы шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласында жұмыспен қамтылған ұйымдардың басшыларында - 1 517 мың теңге тіркелді. Бұл көрсеткіш көмір және лигнит өндіру саласындағы басшылардың орташа алатын жалақысынан 2,9 есе және құрылыс саласындағы - 3,5 есе жоғары. Ал әуе көлігі саласындағы біліктілігі жоғары мамандары да жоғары жалақы - 715-399 мың теңге алғанын атап өткен жөн», делінген баспасөз баянында.