Еліміздегі инвестициялық ахуал жақсарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен «Kazakh Invest» компаниясының Ұлттық инвестициялық стратегиясы жобасын таныстыру кезінде ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек инвестициялар тарту және мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру саласындағы жаңа тәсілдемелер туралы баяндады.