Еліміздегі ірі инвесторлар марапатталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы инвестициялық белсенділігі үшін дәсүрлі шетелдік инвесторларды марапаттау рәсімі  Астанада биыл төртінші рет өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Салтанатты шараны ҚР Инвестициялар  және даму вице-министрі Ерлан Хаиров ашып, Қазақстан ел болып еңсе көтерген уақыттан  бері инвесторларға қолайлы жағдай тудырып келе жатқанын айтты.

«Қазақстанда соңғы 12 жыл көлемінде инвестклиматты жақсарту жұмыстары жақсы жолға қойылған. Осының арқасында, елімізге құйылған шетелдік инаестиция көлемі 250 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Ерлан Хаиров.

Салтанатты шарада Кипр, Жапония, Қытай, Ресей және  Польшаның еліміздегі бес ірі компаниясы марапатталды. Олар агроөнеркәсіп кешені, өңдеу, логистикалық инфрақұрылым, металлургия және фармацевтика салаларында табысты еңбек етіп келеді.