Тоқтала кететін жайт, Елбасы ағымдағы жылғы Жолдауында 2016 жылға қарай елімізден экспортталатын ірі қара мал етінің көлемін 60 мың тоннаға, ал 2020 жылға дейін 180 мың тоннаға жеткізу туралы міндет жүктеген болатын. Осыған орай, «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ «Қазақстан Республикасында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын әзірлеген болатын. Осы жобаның бірінші кезеңі ет бағытындағы жоғары өнім беретін асыл тұқымды мал санын ұлғайту болып табылады. «Қазір елімізде ірі қара малдың 82 пайызының өнімі төмен әрі олар жеке шаруашылықтарда шоғырланған. Соның салдарынан мамандандырылған ауыл шаруашылық кәсіпорындары болып табылмайтын, тек жеке қажеттіліктері үшін өнімді өндіретін шағын шаруашылықтар ет өнімдерін нарыққа жеткізушілерге айналып отыр. Осы тұрғыдан айта кететін жайт, бұндай жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдері сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті емес. Қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін және етті мал шаруашылығын дамыту проблемаларын оңды шешу үшін жоғары өнімді бұқаларды қолда бар отандық етті сиырлармен будандастыру жолымен етті ірі қара мал санын ұлғайту болып табылады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта етті мал шаруашылығын дамыту бойынша 72 мыңға жуық асыл тұқымды мал басы әкелінеді», - деді баспасөз мәслихаты барысында «ҚазАгроӨнім» АҚ Басқарма басшысының кеңесшісі Оңғар Дауылбаев.
16:33, 12 Сәуір 2011
Еліміздегі ірі қара малдың 82 пайызы өнімділігі төмен әрі жеке шаруашылықтарда шоғырланған болып отыр
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстандағы ірі қара малдың 82 пайызы өнімділігі төмен, әрі жеке шаруашылықта шоғырланып отыр. Бұл туралы бүгін «ҚазАгроӨнім» Акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.