Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Бас редакторлар клубы форумында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев айтты.
Министрдің сөзіне қарағанда, алдағы уақытта еліміздегі қазақ тілді хабарлар саны артады. «Сондай-ақ біз қазір телерадиокешен салу мәселесімен де айналысудамыз. Осы шара арқылы біз елдегі барлық телеарналардың қажеттіліктерін қанағаттандырамыз. Бұл тек мемлекеттік арналарға ғана емес, жекелеген арналарға да қатысты айтылған сөз. Өйткені телерадиокешендердегі бейнесюжеттер немесе телесериалдар түсіруге арналған аумақтар жекелеген телеарналарға өте төмен бағамен жалға беріледі. Мұндай кешендер біздің Ресей сияқты алып елдермен бәсекелес болуымызға да ықпал етеді»,-деді министр.