Онда Қазақстандағы конго-қырым геморрагиялық безгегінің табиғи ошақтарындағы жағдай және 2010 жылғы эпидемиялық кезеңге дайындық бойынша атқарылған жұмыстар талқыланады.
17:49, 09 Сәуір 2010
Еліміздегі конго-қырым геморрагиялық безгегінің табиғи ошақтарындағы жағдай талқыланады
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. қазАқпарат - /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылғы сәуірдің 12-де Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.