Еліміздегі құнды қағаздар қызметін ешкім бақыламайды - Е. Бахмутова

АЛМАТЫ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еліміздегі құнды қағаздар қызметін ешкім бақыламайды. Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстанның қор нарығы. KASE-дегі ІРО» форумы кезінде ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрайымы Елена Бахмутова осылай айтты.

«Компаниялар акцияларын листингке шығару үшін алдымен Корпоративтік басқару кодексін қабылдайды. Листингте әрдайым болу үшін оны ұдайы орындап отыру керек. Әйтсе де инвесторлар тарапынан олардың корпоративтік басқару талаптарын қадағалауға ықылас жоқ. Компаниялар үшін қандай бағамен болса да қор нарығына шығып, бағалы қағаздар шығару, ал инвесторларға қор нарығындағы бағалы қағаздарды сатып алу маңызды сияқты. Сондықтан бізде құнды қағаздар қызметін ешкім бақыламайды. Сатып алынған ақпаратты ешкім бағаламайды», - дейді Е. Бахмутова.

Оның айтуынша, қор нарығын дамуы реттеушіге ғана байланысты емес. Ұйымдасқан нарықта қоғамдық институттар болуы керек.