Еліміздегі қыздардың көпшілігі 21 мен 25 жас аралығында тұрмысқа шығады екен

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Өткен жылы некеге тұрған қазақстандық қыздардың орташа жасы 24,3-ті құраған.

«Новости-Казахстан» ақпарттың агенттінің хабарлауынша, 2011 жылы нәзік жыныс өкілдерінің 33 мыңы  20 жасқа дейін отбасын құрып үлгерген. Ал еліміздегі жасы 26-дан асқан қыздардың ішінде тұрмыс құрғандары сирек, яғни - тек 27 мың әйел ғана. Статистикаға сәйкес, қазақстандық қалыңдықтардың орташа жасының айтарлықтай ұлғаюы байқалмайды, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.

Айта кетейік, елімізде жыл сайын кәмелеттік жасқа толмаған үш мың қыз тұрмыс құрады екен.