Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.
Тамыз айында еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі білім беру нысандарының өртке қарсы жағдайына негізгі тексеру жұмыстарын жүргізгендігін атап өткен министр: «Тексеру нәтижесі мектептерде өрт қауіпсіздігін арттыру бойынша оң динамика қалыптасып отырғандығын көрсетеді. Дегенмен, тексеру нәтижесі олардың көпшілігінің өртке қарсы күрес жағдайының қанағаттанбайтын күйде пайдаланып отырғандығын дәлелдейді»,- деді ол.
В.Божконың алға тартқан деректеріне қарағанда, республика бойынша 5178 білім нысаны өрт-техникалық зерттеуден өткен. Соның нәтижесінде өртке қарсы қауіпсіздік нормалары талаптарының 17 мыңнан астам заң бұзушылықтары айқындалған. Аталған нысандардағы негізгі бұзушылықтар алғашқы өрт сөндіру құралдары санының жеткіліксіздігі, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің ақаулығы, өртті автоматты түрде табу жүйесінің болмауы болып отыр.
«Бірқатар нысандарда аталған кемшіліктер бірнеше жылдан бері орын алуда. Біздің тарапымыздан кемшіліктерді жою туралы берген ұсыныстарымыз әлі күнге орындалмай келеді», - деді министр.