Оның айтуынша, 2012 жылғы қарашада қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 100866 теңгені құрады. Бұл 2011 жылғы қарашаға қарағанда 9,9% өсті деген сөз. Нақты жалақы индексі 2011 жылғы қарашаға 104,1% құрады.
2012 жылғы желтоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 474,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына шаққанда 5,3 пайызды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы желтоқсанның соңына 34,6 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санынан 0,4%.