SarbazLIFE жобасының бірінші шығарылымында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының мерзімді қызметтегі сарбаздары Георгий Вертков, Ақылбек Елик және Максим Кузнецов армия туралы, әскери ұжымдағы өмір туралы әсерлерімен бөлісіп, болашаққа жоспарлары туралы әңгімелейді.
Видеоны арнайы сілтеме бойынша көруге болады.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, барлық шығарылым министрліктің ресми YouTube және Telegram каналдарында (@modgovkz) жарияланатын болады.